21 қазан күні №5 ЖОББ мектебінде мектеп президентінің сайлауы өтті. Сайлауға 1-11 сынып оқушылары белсене қатысып, өз дауыстарын берді. Оқушылар сайлау парақшасын белгілеп, сайлау жәшігіне салып отырды. Әр – бір дауыс беруші бір ғана үміткерді таңдады. Сайлау комиссия үміткерлерді сайлау жәшігін ашып көріп дауыстарды санады.
Мектеп президенті лауазымына 3 кандидат бағдарламасымен өздерін ұсынған болатын. Үміткер Абдеш Махаббат – 68 дауыс жинады; екінші үміткер Сағындыққызы Аружан – 97 дауыс жинады; үшінші үміткер Ивченко Никита – 65 дауыс жинады. Сайлау нәтижесі бойынша мектеп президенті лауазымына Сағындыққызы Аружан сайланды.
Сонымен қатар, сайлау күні 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс оздырылды.
Мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
Қамтылды: 230 оқушы.
#біртұтас_тәрбие, #бқобілімбасқармасы, #Republicdaybqo, #меніңотанымқазақстан, #мояродинаказахстан, #Республикакүні, #Деньреспублики #самоуправление #өзінөзібасқаруұйымы #бқоқоғамдықдамубасқармасы
@saule_kumarovna_aldikenova @bkobilimbaskarmasy @oqu_agartu_ministrligi @borli_bilim @ai1975_t @aigulmynbayeva
Мектеп президентін сайлау
10/21/2023